|
09.06.2021 | 20:53
639

Н. Нығматулин Денсаулық сақтау министрін аудандық емханаларға баруға шақырды

Себебі халықтың 53,3 пайызы медициналық көмектің сапасына көңілдері толмайтынын айтқан

Н. Нығматулин Денсаулық сақтау министрін аудандық емханаларға баруға шақырды Фото: ашық дереккөзден

Окоптан шығатын кез келді. Бүгін мәжіліс отырысында медициа сапасына қатысты жолданған депутаттық сауалға жауап берген Денсаулық сақтау министрі сынның астында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv

Себебі халықтың 53,3 пайызы медициналық көмектің сапасына көңілдері толмайтынын айтқан. 

«Көңіл толмау жағдайына келер болсақ, бұл тәуелсіз сараптамалық ұйымдардың объективті бағасы. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттану деңгейі дамыған елдерде, тіпті Еуропада да 65-70 пайыздан аспайды», – деді ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой.

Министрдің бұл жауабына Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин пікір білдіріп, Алексей Цойға ауруханалар мен емханаға баруға кеңес берді. Өйткені, медицина сапасына қатысты шынайы ақпаратты кезекте тұрған жұрт жақсы біледі деді. 

«Окоптан шығатын кез келді. Құрметті министр мырза, халық арасына барыңыз. Адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы байланыс орнатқанды доғару керек. Ауруханаға, емханаға, әсіресе аудандық ауруханаға барыңыз. Ол жерде кезекте отырған адамдармен сөйлесіңіз», – деді ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир