|
11.03.2021 | 21:07
5224

8 миллионнан астам: Алматыда қажетті дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жасақталды

Бүгінде коронавирус инфекциясын емдеуге қажетті препараттармен қаланың барлық дәріханалары қамтылған

8 миллионнан астам: Алматыда қажетті дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жасақталды

Алматыда қажетті дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жасақталды. Бүгінгі таңда қаланың тұрақтандыру қорында 8 миллионнан астам дәрі-дәрмек бар. Ал фармацевтикалық компаниялардың қоймаларында 20 миллионнан асады. Бұл туралы мегаполисті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі мәлімдеді. Сонымен қатар, ол дәріханаларда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде қолданатын препараттар тапшылығы жоқ екенін де хабарлады. Толғырақ Almaty.tv тілшісі тарқатады.

Бүгінде коронавирус инфекциясын емдеуге қажетті препараттармен қаланың барлық дәріханалары қамтылған. Ал, фармацевтикалық компаниялар қаржыландыру есебінен жалпы құны 40 милионнан асатын дәрі-дәрмек пен медициналық құралдың 68 түрін сатып алған. Препараттардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық аптекаларда апта сайын мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда қалада тұрақты қор қалыптасқан. .

«Біз қаладағы дәрі қорын қадағалауда ұстаймыз және фармацевтикалық компаниялар үнемі қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алып отырады. Медициналық бетперделер де қаланың барлық дәріханаларында бар. Яғни, жүз пайыз қамтамасыз етілген», – деді қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші Тимур Хаиров.

Қазір шаһардың тұрақтандыру қорында 8 миллионнан астам препарат болса, қоймалардағы дәрі-дәрмектердің саны 20 миллионнан асады. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы бойынша 8 түрлі дәрі, атап айтқанда «Аспирин, Кардиомагнил, Тромбопол және Ацетилсалицил қышқылы» бар. Ал, мегаполис тұрғындары дәріханада ешқандай дәрі тапшылығын сезінбедік дейді.  

«Кеше болдым. Парацетамол алдым, 5 дана. Бәрі дұрыс, жетеді. Мен бардым, бәрі алып жатыр адамдардың, бәрі жеткілікті», – деді қала тұрғыны Руслан Мұхамедұлы.

«Аяғы ауырларға көптеген дәрілер, витаминдер жазып береді ғой. Сол дәрілердің барлығын мен үй жақтағы 2 дәріханада, «Рауза» және Орталық дәріханадан алдым. Дәрі жоқ, басқа жоқ дегенді көрмедім. Бәрі бар», – деді қала тұрғыны Эльнура Нурсафина.

«Мен өзім іздеген дәрілердің бәрін таптым. Бәрі бар. Әркім өзіне керегін алады ғой, әркім үшін жауап бере алмаймын. Өзім, міне іздеген дәрімді №1 дәріханадан алдым», – деді қала тұрғыны Руслан Байғожа.

Сонымен қатар, мегаполис дәріханаларында тұрғындарға қажет деген дәрілердің баламасы да сатылуда. Одан өзге, фармацевтикалық компаниялар дәрі өндірушілермен препараттарды халыққа қолжетімді бағамен сату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, 6 ірі отандық компания күніне 1 миллионнан аса маска өндіреді екен. Дәріханалар да 100% медициналық бетпердемен қамтылған. Жалпы, қазір қалада медициналық препараттарға сұраныс көп болмағандықтан, жағдай тұрақты.

Аяулым Көлжігіт, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир