Е. Бабақұмаров Алматының медициналық ұйымдарындағы қадағалаушы кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды

newsroom.kz
newsroom.kz
Алматыдағы 63 медициналық ұйымдарда құрылған қадағалаушы кеңестер қызметінің күшті және осал жақтары қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының медициналық ұйымдарындағы қадағалаушы кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров медициналық ұйымдардың қадағалаушы кеңестерінің төрағаларымен және бас дәрігерлермен корпоративті басқару және менеджмент деңгейін көтеру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Отырыста өткен жылдың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Алматыдағы 63 медициналық ұйымдарда құрылған қадағалаушы кеңестер қызметінің күшті және осал жақтары қаралды.

Ержан Бабақұмаров бірқатар бағыттар бойынша қадағалаушы кеңестердің жұмысын күшейту әрі сапасын арттыру қажеттігін тапсырды. Бұл менеджменттің ашықтығын, ішкі қадағалауды  және тәуекелдерді басқаруды  жақсартады.

Қадағалаушы кеңестердің міндеті медициналық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады. Осыған байланысты стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және шығын жүйелерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттарын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет.

Қадағалаушы кеңестерінің жұмысын жақсарту және ынталандыру үшін қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров олардың корпоративті басқаруға қосқан үлестерін дер кезінде  бағалауды тапсырды.

Новости партнеров