Алматыда тағы екі емхана ашылуы мүмкін

Алматыда тағы екі емхана ашылуы мүмкін
Олар Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға халықтың денсаулығын тексеретін екі қосымша медициналық орталық керек. Жаңа нысандарды орталық клиникалық аурухана мен №4 қалалық емхана жанынан ашу ұсынылып отыр. Олар Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, адамның іш құрылысын тексеретін ангеограф секілді құрылғылар сатып алу қажет. Бүгін бұл туралы қала әкімі орынбасар Ержан Бабақұмаровтың алдына келген Алматыдағы аурухананың бас дәрігерлері жеткізді. Жиналыста саланы дамыту жайы да сөз болды.

Айта кетейік, шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қалада медициналық қызмет саласының жоспарлы түрде артатынын айтқан. Оған қоса, денсаулық айлығы аясында, 5 мыңнан астам алматылық медициналық тексеруден өтті.        

Новости партнеров