Сонымен қатар, медициналық құралмен жабдықтау 73%-дан 90%-ға дейін көтерілетін болады
Ал орта медицина персоналының еңбекақысы 20 пайызға ұлғаймақ. Бұл келесі жылы халыққа аса қажетті медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландырудың 7 есеге өсуінен мүмкін болады. Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осыны айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпы қаржыландырудың көлемінде медициналық тарифтер 10, 20%-ға дейін көтерілетін болады. Бұл дәрігерлердің жалақысын қаңтардан бастап 30 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық құралмен жабдықтау 73%-дан 90%-ға дейін көтерілетін болады. Бұның маңыздылығы әр азаматтың медициналық қызметтерге қалтадан шығыстары келесі жылдан бастап 30%-ға түссе, ал 2025 жылға дейін екі есеге төмендейді деп біз жоспарлап отырмыз, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.