Адам папиллома вирусы: дәрігерлер инфекциямен күресу үшін қандай шаралар қолдануда

11.09.2024 03:00
Фото: elements.envato.com

Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық әйелге «жатыр мойны обыры» диагнозы қойылады. Өкінішке қарай, соның 300-і дертінен айыға алмай, көз жұмады. Десе де, нәзік жандыларда кездесетін қатерлі ісіктің бір түріне дауа табылған. Ол – екпе. Аты жаман ауруды тудыратын «адам папиллома вирусына» қарсы вакциналау науқаны елімізде қыркүйекте басталмақ. Ал оны неге балиғат жасына жетпеген, 11 жастағы қыздарға ғана салады? Вакцина қаншалықты қауіпсіз? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы  қалалық №21 емхананың дәрігер-эпидемиологы Перизат Өмірәлі жауап береді.


Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.