Биыл жарна және аударым ретінде бөлінген 34 млрд теңге қаражаттың 24 млрд теңгесі мемлекет есебінен түскен
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жұмыс беруші міндетті әлеуметтік бұл жарнаны төлеуге міндетті. Бұл заңмен бекітілген. Өз еркімен бас тарту мүмкіндігі жоқ бүгінгі күнде. Сол себепті жарна төлемеген жағдайда, бас тартқан жұмыс берушіге қатысты Кіріс комитетінің қызметкерлері белгіленген тәртіп бойынша жұмысын атқарады. Енді сіз айтқан медициналық көмек дұрыс көрсетілмеген жағдайда, біз айтып отырмыз, азаматтар 1406 телефон нөміріне хабарласқандар болды. Ол жағдайда әрбір шағым бойынша қажетті жұмыстар атқарылып, керекті қызметтер алынды», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Айбатыр ЖҰМАҒҰЛОВ.
Белгілісі, бүгінге дейін қазақстандықтардың 90%-нан астамы, яғни 17 миллион адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қатысушылары болған. Оның ішінде 11 млн-ға жуық азамат, жеңілдік берілген 15 санатқа кіреді. Олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. Мәселен, биыл жарна және аударым ретінде бөлінген 34 млрд теңге қаражаттың 24 млрд теңгесі мемлекет есебінен түскен екен.