Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Медицина қызметкерлерінің күні – бұрыннан тойланып келеді, оны атап өту Кеңес Одағы тұсында 1980 жылғы 1 қазаннан бастап енгізіліп дәстүрге айналды. Кеңес Одағы құлағаннан соң кейбір елдер бұл мерекені атап өтпейтін болды, кейбірі күнін басқа уақытқа ауыстырды. Тек, Ресей, Қазақстан, Беларус және Украинада бұл мерекені әр жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіп келеді.
Медицина қызметкерлерінің мерекесі біздің елімізде – өзін медицина мамандығымен байланыстырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың күні.