Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Е. Сейтеновтің кандидатурасы Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен өткен жетінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясында мақұлданды.
Сейтенов Ержан Іргебайұлы 1974 жылы туған.
Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бітіріп, магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы ЖМК-11-де жұмысшы болып бастаған. Осы жылдары ол квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарында басшы лауазвиларвнда болды. Алматы қаласының Жерді пайдалану мен қорғау, Жасыл экономика басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.
Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болды.