Сұлтан Қамалетдинов ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болды
Қорғаныс министрлігі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сұлтан Қамалетдинов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
14.11.2026 09:11