Ол бұрын ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған
Полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Марат Ирменов 2020 жылы ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2016-2020 жылдары ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.