Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Сайран Сайфеденов Алматының қалалық активтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сайран Сайфеденов 1974 жылы туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, Алматының үздіксіз білім беру университетін, Қазақ жол және қатынас университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ Алматы әкімі аппаратында кадр жұмысы мәселелерімен айналысты, Алматының Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданының әкімі лауазымдарында болды.
Әр жылдары Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап қалалық активтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі қызметін атқарды.