Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа сайланған төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов", - деп жазды ол.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды, делінген Ақорданың хабарламасында.
Туған жылы: 1962 жылы
Туған жері: Қарағанды облысында туған.
Білімі: 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді.
1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.
Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.
1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары.
1995 ж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі ҚР Үкіметінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2012 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.
2017-2019 – Қарағанды облысының әкімі.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды
«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендарымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.