|
31.03.2022 | 11:18
690

Алматы облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Саят Маратұлы Қараласов 1978 жылы туған

Алматы облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды  ҚазАқпарат

Саят Қараласов Алматы облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Саят Маратұлы Қараласов 1978 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын және Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, сол сияқты құрылыс мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «Тоннельный отряд 1» ЖШС-ның 3-ші разрядтытау-кен жұмысшысы болып бастаған. 

Әр жылдарда Алматы қаласы құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «ЭКСПО-2017» АҚ «ҰК» Астана ЭКСПО-2017» Құрылыс департаментінің бас менеджері, Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бірнеше бөлімдерінде басшы болды. 2022 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының құрылыс және перспективалық жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәурен Жолжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымынан босаталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир