Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Photo: primeminister.kz
Photo: primeminister.kz
Ол 2021 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы Асқар Үмбетәлиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, King’s College London-ды (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.

Әр жылдары Қаржы, Әділет министрліктерінің, «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымында жұмыс істеді.

2016-2020 жылы ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру, ішкі әкімшілендіру департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет етті; ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығын басқарды.

2021 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.


Новости партнеров