Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ULYS MEDIA - Ашық ақпарат алаңына сілтеме жасап.
Бұған дейін ол аталған министрлікте вице-министр қызметін атқарған.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген.
Білімі:
1995 ж. - Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультеті.
Еңбек жолы:
1995-1997 жж. - «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист. 1997 ж. - Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.
1997-1998 жж. - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер.
1998-2006 жж. - «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері.
2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2020 жж. - «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.
2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.