«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа президиум төрағасын сайлады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Райымбек Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа президиум төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр. Жиында алдымен ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа президиум төрағасын сайлау мәселесі тұрды. Съезге қатысушылардың 248-і Р. Баталовтың президиум төрағалығын қолдады, 9 адам қарсы шықты және 38 қатысушы дауыс беруден бас тартты. Барлығы 302 адам қатысты. 

«Шешім қабылданды. Баршаңызды құттықтаймын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін одан әрі жетілдіре түсуде бар күшімді саламын. Бәріміз бірігіп жұмыс істеп, өзгерісті бірге енгіземіз. Біріксек болашақта алмайтын асу жоқ. Олай болса жұмыс кірісейік», - деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы Райымбек Баталов.


Новости партнеров