Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі болды

Аkorda.kz
Аkorda.kz
Экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

- 1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;

- 1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті;

- 1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры;

- 1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;

- 2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

- 2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы;

- 2008 жылдан – «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті;

- 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі;

- 2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

- 2016-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрі;

- 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

- 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарды.

«Құрмет» (2005), «Парасат», «Барыс» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдарымен марапатталған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас банкін Тимур Сүлейменов басқаратын болды

Новости партнеров