Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Бұған дейін Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

9 маусымда Президент Жарлығымен Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда сайтында.

Бұған дейін Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының м. а. қызметінен бастаған.  

2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінде түрлі қызмет атқарған.

2009-2010 жылдары — Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.

2010 жылы — Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы.

2010-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызмет атқарған.

2015-2017 жылдары — Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2017-2019 жылдары — Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары — ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2020-2021 жылдары — ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.

2021 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы мамырға дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Новости партнеров