Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков тағайындалды

Facebook/Иран Шаметеков
Facebook/Иран Шаметеков
ҚДСБ басшысы лауазымы байқауына үш үміткер қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Иран Шаметеков Маратұлы тағайындалды. Конкурстық комиссияның шешімі қала әкімдігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Иран Шаметеков Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын 2000 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген.

2000-2001 жылдары БҚО медицина академиясында "Хирургия" мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

2006 жылы Д.А. Қонаев атындағы университеттің "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады. "Құқықтану бакалавры" академиялық дәрежесі берілді.

Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми атағы бар.

Еңбек жолын 2001 жылы Байқоңыр қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің хирург-дәрігері болып бастады.

Әр жылдары медициналық мекемелер мен мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Иран Шаметеков Нұр-Сұлтандағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

ҚДСБ басшысы лауазымы байқауына үш үміткер қатысты.

Новости партнеров