Бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған Ақорданың ресми сайтындағы құжатта.
Ақшолақов Болат Оралұлы (Қазақ КСР, Гурьев қаласы (қазіргі Атырау), 1971 жылғы 4 сәуірде туылған) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2006-2008жж), Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі (2012-2014жж), Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі (2017-2019жж), Қазақстан Республикасының Энергетика министрі (2022 жылғы 11 қаңтардан бастап).
Мансап
1994-1995 - Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі;
1995-1997 - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры;
1997-2001 - «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары;
2001-2003 - Commonwealth and British Services Ltd бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры;
2003-2006 - «ҚазМұнайГаз» ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;
2006-2008 – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
2009-2010 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;
2010-2011 - «PSA» ЖШС Бас директоры;
2011 - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Президенті;
2012-2014 – Мұнай және газ вице-министрі;
2014-2017 - «Almex Petrochemical» ЖШС Бас директоры;
2016 - 2017 - «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Бас директоры;
2017- 2019 - Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі;
2019 - 2021 - «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры;
2019 – 2021 - «Almex Petrochemical» ЖШС Бас директоры;
04.2021-10.01.2022 - «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.