Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ғacebook парақшасында жазды
"Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды", - деп жазды желіде.Даниал Кенжетайұлы Ахметов - 1954 жылы 15 маусымда дүниеге келді.
1976 жылы Павлодар индустриалдық институтын аяқтады (қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті). Экономикалық ғылымдар докторы, академик.
2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін - Павлодар облысының әкімі;
2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
2010 жылғы желтоқсанда экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарды.
2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).
2014 жылы 11 қарашада ШҚО әкімі болып тағайындалды.