Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы тағайындалды

19.06.2023 19:22

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында туған

пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағандыдағы «Агро-Консалтинг-К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызметтер атқарды.      

Тағайындалғанға дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының басшысы болып жұмыс істеді.