Көшедегі қозғалыс жүрісі екі жақтан да жабылады
Алматы қаласында Досмұхамедов көшесі бойынша жол қозғалысы уақытша шектеледі, де хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 маусымнан бастап 3 шілдеге дейін Алматы қаласының Алмалы ауданында Досмұхамедов көшесімен Жамбыл көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.
«Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырда ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - деліген хабарламада.