Берік Солтанбаев Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
2018 жылғы қазаннан бастап, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Берік Бекмырзаұлы Солтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында туған. 2012 жылы Қазақстанның «Парасат» көпсалалы институтын, 2015 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірді.

Еңбек жолын 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында кеңесші лауазымынан бастады.

2014-2017 жылдары «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінде маман болып қызмет атқарды.

2017-2018 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2018 жылғы қазаннан бастап, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялар тарту және өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы мәселесіне жетекшілік етті.

Новости партнеров