Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды

10.03.2022 20:48
Фото: ашық дереккөзден

Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін Партиямыздың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Amanat партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Партиямыз трансформациядан өтіп жатқан тұста бұл қызметке тағайындалу үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Алдымызда күрделі міндеттер тұр, дегенмен біздің нақты жоспарларымыз бар. Сондықтан Ринат Думанұлына партиямызды жаңғырту жолында бірлесіп атқаратын жұмыстарда абырой мен үлкен жетістіктер тілеймін», - деп жазады ол.