|
29.05.2023 | 15:59
1688

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов 1973 жылы туған

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата Алматы

«Алматы жылу желілері» ЖШС (АлЖЖ) бас директоры болып Алтай Рахымбетов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алтай Рахымбетов 1973 жылы туған.

Өскемен энергетикалық техникумы, Өскемен құрылыс-жол институтын жылумен газбен жабдықтау, желдету, ауа бассейнін қорғау мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің бірінші санатты маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы экология басқармасының, қоршаған ортаны қорғау басқармасының, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2015 жылдан 2018 жылға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі қызметін атқарды.

АлЖЖ-нің бас директоры қызметіне тағайындалғанға дейін Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир