Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

26.01.2022 23:14

Бұған дейін Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментін басқарды

пресс-служба министерства внутренних дел Республики Казахстан

Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген өкім мәтінінде.

Сондай-ақ Президент өкімімен Арыстанғани Заппаров Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Теги: ІІМ МВД РК