Министрліктің аты өзгерді
Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
1 қыркүйекте Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бөлек екі жаңа министрлік болып құрылды. Олар: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Көлік министрлігі деп аталады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді