|
14.09.2023 | 16:30
1780

Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды

Олжас Жаңабек Алматыда туған

Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды пресс-служба акимата

Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы лауазымына Олжас Жаңабек тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олжас Жаңабек 1992 жылы 13 наурызда Алматыда туған. 

Пердью университетін (Уэст-Лафейетт қаласы, АҚШ) «Болашақ» бағдарламасы бойынша өнеркәсіптік инженерия мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Honeywell» компаниясында жобалық инженер қызметінен бастаған, 15 жыл Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Болгарияда өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы жобаларды іске асыруға қатысқан.

2020 жылы «AirVision.kz» ҚҚ жобалық офисінің басқарушысы, кейін ұйымның вице-президенті болды.

Тағайындалғанға дейін 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: Емханаға тіркелу: алматылықтар медициналық ұйымды таңдай ала ма

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир