Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы тағайындалды
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қала әкімінің өкіміне сәйкес, Серік Әділбаев Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Серік Әділбаев Қазақ аграрлық университетін тәмамдаған, әр жылдары орман орналастыру кәсіпорнында және қалалық экология инспекциясында қызмет еткен.
Сонымен қатар, коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істеген.
2016-2021 жылдар аралығында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, 2021 жылдан бері аталған басқарма басшысының орынбасары болды.
2022 жылғы наурыз айынан бері Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының міндетін атқарып келді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50