|
06.09.2023 | 17:38
2473

Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Ол 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған

Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды azh.kz

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тішісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Биыл ақпан айынан бері ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: Асхат Шахаров Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир