Алматы қаласы әкімінің өкімімен Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы болып Қанат Сухамбеков тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қанат Сәдуақасұлы Сухамбеков 1992 жылы 17 тамызда Астанада туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Қ. Сухамбековтың Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінде және Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде жинақтаған тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл позицияда инспекторлық жұмыс бөлімінің, ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің, заң бөлімінің, қаржы-шаруашылық бөлімінің, ішкі аудиттің қызметін үйлестірді.