Ұлттық академиялық кітапхананың жаңа басшысы тағайындалды
Facebook парақшадан алынды
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық академиялық кітапхананың жаңа басшысы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапхана басшысы болып Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева тағайындалды. Жаңа директорды арнайы құттықтап, жұмысына сәттілік тіледік. Кітапханаларды заман талабына сай жетілдіріп, оқуға құштар қоғам қалыптастыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте, Ғазиза Құдайбергенқызы білікті маман ретінде тың бастамаларымен, жаңашыл идеяларымен Ұлттық академиялық кітапхана жұмысын одан әрі нығайта түседі деп сенемін», - деп жазды министр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45