Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды», – деп жазды ол Twitter-де.
Еске сала кетейік, Ахметжан Смағұлұлы 2017 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың наурыз айына дейін «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын.
2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясына төрағалық етсе, 2008 жыл мен 2017 жыл аралығында Алматы қаласының әкімі болған.
Әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы және Алматы облысының әкімі қызметтерін атқарған.