|
14.01.2019 | 09:52
1809

Алматыда музыкант жігіт өлі табылды

«Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» атты іздестіру тобы Facebook желісіндегі парақшасында 2018 жылдың қарашасында Алматыда жоғалып кеткен жігіттің өлі табылғанын жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

19 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны жайлы 13 қаңтарда әлеуметтік желілерде хабарланған болатын.

«Жақын құрбымның ұлы жоғалып кетті. Платон Киор. 21 қарашада кешкі уақытта үйден (Абай даңғылы - Жароков көшесі қиылысының аумағында) шығып кеткен болатын. Үстінде қара түсті шалбар, батпақ түсті күртеше, қызыл жолақтары бар баскиім мен қара түсті аяқкиімде болған. Бойы - 180 сантиметр, арықтау келген, шашы қара. Денесінде бірнеше татуы болған. Платон - өте дарынды адам, музыканы жақсы көретін. Оны бірнеше күннен кейін іздей бастадық. Платон! Біз сені жақсы көреміз, үйге қайт», - деп жазған еді Facebook қолданушысы Наталья Слудская.

Алайда кешкі уақытта Күзет және қауіпсіздік қызметінің басшысы Ислам Угушев жігіттің өлі табылғанын хабарлады.

«Платон табылды... Өкінішке қарай, жігіт өлі табылды. Көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны Киор Платонның іздестіріліп жатқаны жайлы естіп, оны танып, кейіннен анасына Платонның үйдің шатырынан секіріп кеткенін хабарлаған. Қайтыс болған жігіттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының өкілдері әзірше ешқандай пікір білдірмеді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

музыкант Платон
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир