Алматыда жоғалып кеткен қыз табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бір апта бойы іздестірілген алматылық оқушы қыз табылды. Екатерина Клименконы Бостандық ауданының ішкі істер басқармасының өкілдері көшеден көріп, үйіне алып келген. Есте болса, 16 жасар қыз бітіру емтиханы кезінде жоғалып кеткен еді. Ол әжесінің үйінен 6-шілде күні түнде шығып кеткен. Оны іздестіруге полицияның 60 қызметкері жұмылдырылды. Уайымдаған ата-анасы еріктілерді де тартқан. Белгілі болғандай, оқушы қыз қазір өзін жақсы сезінеді және осы уақытқа дейін достарының үйінде болғанын айтуда. Екатерина енді психологтың қабылдауында болып, өткізіп алған сынақтарын тапсыруы қажет.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43