|
27.06.2018 | 16:32
1196

Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады

Sputnik.Тамақты күйдірмейтін ыдыстың құрамындағы заттар адамның ағзасына түскен кезде рак тудыруы мүмкін, деп жазады Daily Mail қоршаған ортаны қорғау туралы вашигтондық агенттіктің баяндамасына сілтеме жасай отырып.

Зерттеу мәліметіне сүйенсек, тамақты күйдірмейтін жабыны бүлінген таба мен кәстрөлді пайдаланған кезде адамның ағзасына перфтороктандық қышқыл түсуі мүмкін. Бұл қышқыш сондай-ақ суға және отқа төзімді материалдардың құрамында бар.

Ғалымдар перфтороктандық қышқыл уытты болатыны атап өтеді. Оның ағзаға түсуі қатерлі ісік тудыруы, холестерин деңгейінің көтеріліп, иммундық жүйе функциясының төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Жануарларға жүргізілген зертханалық сынақтар бұл заттың бауыр, ұйқы безі және жыныс мүшелері қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал ететінін көрсетіп отыр.

Бұдан бөлек, перфтороктандық қышқыл бедеулікке шалдықтыруы ықтимал.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

ғалымдар рак ыдыс
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир