Б. Сағынтаев: Жаңа Алматы тұрғындарының мәселесімен арнайы комиссия айналысады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Алатау ауданының Алғабас ықшамауданының тұрғындарын тыңдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында Алатау ауданының проблемалы аймақтарымен танысып, жұмыс комиссиясын құруға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғабасқа 13,5 км су құбыры мен 17 км кәріз желісі жүргізілуде. Қосымша 1011 үйді қамтитын желіні жүргізу жоспарланды. Осылайша бүкіл ықшамаудан сумен жабдықтау және су бұру жүйесімен қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ Алматы әкімі Әйгерім-1 ықшам ауданындағы Набережная көшесіне арық жүйесін салу мәселесін шешуді тапсырды. Бұл аталған учаскені су басу қаупін жояды.

Қала әкімі тұрғындар айтқан барлық мәселе, яғни иесіз желілер, көшеге жарық орнату, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды жұмыстарды жеке бақылауына алды. Атқарылған жұмыс туралы хабарлап отыратын жұмыс комиссиясы құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасын тексеру үшін ықшамаудандардың белсенді өкілдерінен құрылған қоғамдық бақылау бастамасы қолдау тапты. Б. Сағынтаев аудан әкімдеріне олармен тұрақты байланыста болуды тапсырды.

Б. Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Шаңырақ-2 және «14 аумақ» ықшамаудандарындағы сорғы станциясының, сондай-ақ AЗТМ Алғабас ықшамауданындағы салынған желілердің жағдайымен танысты. Желілердің құрылысы аяқталған соң тұрғындарды оларға қосу бойынша шаралар қабылданады.

Сондай-ақ олар Әйгерім-1 ықшамауданындағы ауданның меценаттары салған дене шынықтыру-сауықтыру орталығын тексерді.

Новости партнеров