|
05.11.2020 | 10:33
3060

Цифрлық сауаттылық мектебі, жаңа аулалар мен спорт алаңдары — Сағынтаев Әуезов ауданының дамуы туралы

Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданында жүзеге асқан әлеуметтік жобалар мен спорт нысандарының құрылыс барысымен танысты

Цифрлық сауаттылық мектебі, жаңа аулалар мен спорт алаңдары — Сағынтаев Әуезов ауданының дамуы туралы пресс-служба акима Алматы

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қалалықтардың әкімдік алдына әлеуметтік, білім және спорт нысандарының қолжетімді болуы туралы мәселе қойғандарын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Әуезов ауданының қараусыз жатқан скверлер мен көшелер бойындағы учаскелерінде биыл 10 спорт алаңы салынса, тағы 50-і аулаларды жөндеу кезінде бой көтерді. Бұл ретте балаларының спортпен шұғылданатынына мәз болған тұрғындар ендігәрі балалар үшін алаңсыз екендіктерін айтуда. Түрлі жекпе-жек пен спорттың ойын түрлерінен тегін секциялар ашылып, жұмыс істеуде», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Ол өзінің сөзінде elab.asia білім орталығында 115 курста цифрлық сауатттылық бойынша сабақ өтетінін, оның ішінде киберқауіпсіздік, бағдарламалау мен роботтехникасы да бар екенін айтты.

«Қалаға қажет бірлескен оқу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырамыз. Ауданның жастар ресурстық орталығында кеңестер беріліп, волонтерлік жұмыстар ұйымдастырылады», — деді қала әкімі.

Qarqyn.ala қайырымдылық жобасы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған. «Бақытты отбасы», Іскер Ана бағдарламалары — көпбалалы аналарға көмектесуге бағытталған әлеуметтік жобалар.

«Түрлі қолдау тетіктерінің арқасында олар өздерін қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құрып, өз істерін дөңгелетіп отыр», — деп атап өтті мегаполис әкімі.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев абаттандыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу жөніндегі мәселелердің шешілу барысын тексеру мақсатында аудандарға жасаған жұмыс сапарларын аяқтайды. Бұрын халықпен есеп беру және жұмыс кездесулерінде осы мәселелер айтылған болатын.

 

Жобалар «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында «Шетсіз қала» қағидатына сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бюджетке қатысу» және т. б. бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Әлеуметтік, білім беру мен спорт нысандарының қолжетімділігі. Қала тұрғындары алдымызға осы мәселелерді қойып отыр. Әуезов ауданының қараусыз жатқан скверлер мен көшелер бойындағы учаскелерінде биыл 10 спорт алаңы салынса, тағы 50-і аулаларды жөндеу кезінде бой көтерді. Бұл ретте балаларының спортпен шұғылданатынына мәз болған тұрғындар ендігәрі балалар үшін алаңсыз екендіктерін айтуда. Түрлі жекпе-жек пен спорттың ойын түрлерінен тегін секциялар ашылып, жұмыс істеуде. Qarqyn.ala қайырымдылық жобасы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған. «Бақытты отбасы», Isker Ana бағдарламалары көпбалалы аналарға көмектесуге бағытталған әлеуметтік жобалар. Түрлі қолдау тетіктерінің арқасында олар өздерін қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құрып, өз істерін дөңгелетіп отыр. —— Доступность социальных, образовательных и спортивных объектов. Такие вопросы поставили перед нами горожане. В Ауэзовском районе в текущем году в скверах и вдоль улиц, на некогда заброшенных участках, построено 10 спортплощадок, еще 50 создано при ремонте дворов. Местные жители поделились, что теперь спокойны за детей — они занимаются с пользой для тела и духа спортом. Организована работа бесплатных секций по различным видам единоборств и игровым видам спорта. В образовательном центре elab.asia преподают цифровую грамотность на 115 курсах, включая кибербезопасность, программирование и робототехнику. Рассмотрим возможность реализации совместных, нужных городу обучающих проектов. В молодежном ресурсном центре района помогают консультациями и организовывают волонтерскую работу. Благотворительный проект Qarqyn.ala направлен на помощь нуждающимся. Другой социальный проект, реализуемый в рамках программы «Бақытты отбасы», Isker Ana помогает встать на ноги многодетным мамам. Пользуясь различными инструментами поддержки, они занимаются своим делом, обеспечивая себя и создавая новые рабочие места.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир