Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді
Алматы көшелерін жарықтандыру деңгейі 71% құрайды, келесі жылға қарай бұл көрсеткішті 100% дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл коронавирус індеті мен карантиндік режимге байланысты бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кештеу, яғни 1 шілдеден басталды. Бұл аудандарда 157 көшеге жарық жүйесін орнатамыз»,– деп жазды Әсет Мұқажанов.
Сонымен қатар, ол бүгінгі күні көшелердегі жарық жүйесінің деңгейі 71% құрайтынын атап өтті.
«Жалпы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қаланың барлық аудандарының 2024 көшесіне жарық жүйесін орнату қажет. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)20 Авг 2020 в 10:03 PDT