27 үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылды: Б.Сағынтаевтың тапсырмасы Жетісу ауданында қалай орындалуда

06.01.2021 20:10

Алматы қаласының әкімдігі мегаполис аумағында газбен жабдықтау жүйесіне қосылуды қажет ететін халықтың әлеуметтік осал топтарының 210 мекенжайын анықтаған болатын

kubnews.ru

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халықпен есептік кездесу өткізілгеннен кейін Жетісу ауданында жеке секторды газбен жабдықтау жүйесіне қосу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Өткен жылы 27 үй қосылды. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан 5 отбасы өткен жылы аудан әкімдігімен тартылған демеушілердің қолдауымен қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өздеріңіз білесіздер, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастамшылық етіп, Halyk Bank қолдаған бағдарлама бар. Бұл газбен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін пайызсыз бөліп-бөліп төлеуді ұсыну», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева.

Осыған байланысты, аудан әкімінің айтуынша, аталған бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

«Азаматтар Halyk Bank арқылы пайызсыз несие алып газға қосылу мүмкіндігіне ие. Ай сайын үй иелерімен жеңілдетілген газдандыру бағдарламасына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда қосылмаудың негізгі себептері - жағымсыз несие тарихы, қараусыз қалған үйлер, жалға алушылар және меншік иелерінің құлықсыздығы», – деп жауап берді Г.Көкебаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі мегаполис аумағында газбен жабдықтау жүйесіне қосылуды қажет ететін халықтың әлеуметтік осал топтарының 210 мекенжайын анықтаған болатын.  Аудандық әкімдіктер ХӘОТ-тың 30 мекен-жайын қосымша анықтап, нәтижесінде Halyk Bank-ке 92 мекенжайдың тізімін ұсынды. Аталған тізім бойынша Halyk Bank тұрғын үйге дейін газ жеткізуді, сондай-ақ қажетті жабдықты орнатумен бірге барлық қажетті газ коммуникацияларын қосуды қаржыландырады. ХӘОТ санатына кірмейтін қалған алматылықтар үшін 0% - бен несиелендіру қолжетімді.

Халықты 0% - бен несиелендірудің арнайы әзірленген бағдарламасына сәйкес (Алматы қаласы әкімдігінің тізімдері бойынша жеке алапты газдандыру) келесі шарттар ұсынылады:

- сыйақы мөлшерлемесі-0%;

- қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия-0,1 ; %;

- несиелеу мерзімі-18 айға дейін;

- бір жеке тұлға үшін қарыз сомасы - 309 000 ₸аспайды.

Пайызсыз несие алу үшін азаматтарға келесі қадамдардан өту керек:

- қажетті құжаттар тізімімен кеңес алу үшін аудандық әкімдіктерге жүгіну;

- газ қосу үшін техникалық шарттарды алу және жеткізушілермен келісім-шарт жасасу;

- несие алу үшін келісім-шартпен Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі; Әуезов ауданы,  "Жетісу-4" ш/а, 13 "А" үйі мекен-жайларында орналасқан Halyk Bank-тің  екі бөлімшесінің біріне хабарласыңыз.