|
25.11.2020 | 21:50
4682

Жарық қала – қауіпсіз қала: Алматының Наурызбай ауданында 45 көшеде жарықтандыру жұмысы аяқталды

Дүйім ел қала билігіне алғыс айту үшін жиналыпты

Жарық қала – қауіпсіз қала: Алматының Наурызбай ауданында 45 көшеде жарықтандыру жұмысы аяқталды Almaty.tv

Жарық қала – қауіпсіз қала. Осындай қағиданы ұстанған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Шетсіз қала» жобасы аясында шет аудандарды дамытуды мықтап қолға алды. Нәтижесінде, биыл Наурызбай ауданының  тұрғындары көшелеріне жарық келгеніне қуанышты. Енді түнгі уақытта балалар мен қарттар еш алаңдамаймыз деп отыр. Толығырақ тақырыпты Almaty.tv тілшісі тарқатсын.

Бұл – Қалқаман ықшамауданындағы еліміздің құрметті құрылысшысы атына берілген Мұстафа Қазыбеков көшесінің тұрғындары. Дүйім ел қала билігіне алғыс айту үшін жиналыпты. Осыған дейін халыққа әкімдік ортақ су мен кәріз құбырын жаңартып, ал биыл көшеге жарықтандыру орнатып берген.  Шетте тұрса да, шеттетіліп қалмай, бар жағдайы жасалған ауданда тұратындарын халық мақтан тұтады.

БЛИЦ:

1. Іс жүзеге асып, көшеміз жарықтанды. Үлкен рахмет! Балаларға, әсіресе, кешкі жақын қараңғыда, үйге қайтқанда оннан кейін әйелдерге, қыз балаларға қайтарда өте жарық, ыңғайлы болды деп ойлаймын.

2. Көшемізге жарық әкеліп жатыр. Өте қуаныштымыз. Онымен қоса, жолды да биыл жақсылап салды. Адамдардың жүретін тротуарын жақсылап салды.

3. Ссы көшеде 11 жыл тұрып жатырмын. Он жылдан бері жарық болмаған.

Мамандардың айтуынша, Наурызбай ауданындағы 312 көшенің 175-сі жарықтандырылып жатыр. Онда 2 мыңнан аса баған орнатылып, 84 шақырым сым тартылады.

«Біз аудандағы 45 көшеде жарықтандыру бойынша жұмысты толық аяқтадық. Дәл осы Қазыбеков көшесі 1,5 шақырым. 45 баған, 45 жарықшамдары орнатылды. Жыл соңына дейін 175 көшедегі дәл осындай жұмысты бітіруді жоспарлап отырмыз. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында балалар және спорт алаңдары, жасыл аймақтарға 50 шақты көше шамдарын орнаттық», – деді Наурызбай аудандық көріктендіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Оңалбек Қыдырбаев.

Шаһардың басқа аудандарында да тозығы шыққан жарық бағандарды қайта қалпына келтіру жалғаса бермек. Жалпы Алматыда 2 мыңға жуық көшеде шам жанбайды. Биыл пандемияға байланысты жұмыс қарқыны төмендеген. Дегенмен жыл соңына дейін 1400-іне жарық беріледі деген жоспар бар.

Жадыра Омаржан, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир