Шетсіз қала: Наурызбай ауданының 7 шағын ауданында су құбырлары мен кәріздік желілердің құрылысы жүргізілуде

total.kz
total.kz
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы 1,6 млрд тг бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су қүбыры арналары мен кәріздік желілер құрылысы Ақжар, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла шағын аудандарында, Қарғалы су тарту құрылыстары мен су дайындау станциясында, Қарағайлы және Таусамалы деген екі шағын ауданда жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Шетсіз қала» қағидаты бойынша Наурызбай ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, аумақтарды абаттандыру және тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарда салу бойынша ауқымды жұмыстар басталды», – деп хабарлады Б. Дәндібаев.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша келесі жобаларды жүзеге асыру үшін 1,6 млрд тг бөлінді:

- Арық желілерін ағымдағы жөндеу – 10 көшеге (13 км) – (Тыныбаев, Сейтметов, Кәрібай ақын, Әбділдин, Арман, Бегалиев, Дрозда, Сәдуақасұлы, Нұршайықов, Т. Шонанұлы);

- Абай даңғылының суару жүйесі (3,9 км);

- Қарғалы ш/а қолданыстағы каналды ағымдағы жөндеу (2,2 км)

Ұзындығы 8,5 км құрайтын 8 көшеге жаяу жүргінші жолын ағымдағы жөндеу (Тәжиев, Нәжімеденов, Грозы, Сағдиев, Айманов, Карьерная, Надыров к-сі, Дәулеткерей к-сі);

- 4 жасыл аймақ (Қалқаман ш/а Қарғалы өзенінің жағалауы Арман көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейін, Райымбек даңғылы Әшімов көшесінен Қарғалы өзеніне дейін, Алты-Алаш ш/а Қарғалы өзенінің жағалауы, Ақжар ш/а №186 ЖББМ шығысы);

- 5 алаң (шұғыла ш/а 347/2, Таусамалы ш/а «Наурызбай ауданы» алаңы, «Даңқ мемориалы», Алты-алаш ш/а, Жансүгіров к-сі, 33);

- 5 үйдің қасбеттерін жөндеу (Қалқаман ш/а 10, 10 а, 13 үйлер; Ақжар ш/а, Дәулеткерей к-сі, 11, 11а үйлер);

- 4 үйдің ауласын жөндеу (Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, № 8,13; Қалқаман ш/а, № 3, 11,13 үйлер);

- 2 балабақша (№45 б/б, №172 б/б).

Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың ғимараты мен оған іргелес аумағын ағымдағы жөндеу.

Сонымен бірге, өткен жылдан бері коммуналды инфрақұрылым құрылысы бойынша ауқымды жұмыс басталды. Қазіргі уақытта 7 шағын ауданда су құбыры арналары және кәріздік желілердің, Қарғалы су тарту және су дайындау станциясының, Қарағайлы және Таусамалы шағын аудандарында құрылыс жүргізілуде.

«2021 жылы сараптаманың оң қорытындысын алғаннани кейін су тарту құралының және Ақсай су дайындау станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Тек осы мақсатта 2020 жылы бюджеттен 30 млрд тг астам қаржы бөлінді. Жалпы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және бүкіл ауданға су бұру жұмыстарын алдағы 3 жылда аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Б. Дәндібаев.

Новости партнеров