|
28.08.2020 | 20:04
6554

«Алатау аналары» қоғамдық қорының көмегімен бірнеше көпбалалы ана жұмысқа орналасқан

1 шілдеде жұмысын бастаған қор аясында көпбалалы аналар тігінші, әрлеуші, шаштараз сияқты кәсіпті меңгерген

«Алатау аналары» қоғамдық қорының көмегімен бірнеше көпбалалы ана жұмысқа орналасқан Almaty.tv

«Алатау аналары» қоғамдық қорының арқасында бүгінде 40 көпбалалы және тұрмысы төмен әйел жұмысқа кірген. Бұл туралы Алатау ауданында Ата заң күніне орай өткен мерекеде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 шілдеде жұмысын бастаған қор аясында көпбалалы аналар тігінші, әрлеуші, шаштараз сияқты кәсіпті меңгерген. Мұндай бір жұмысшыға мемлекеттен бөлінетін айлық мөлшері 85 мың теңге. Сондай-ақ, ұйымда мамандандырылған курстарды тегін өтуге болады. Қор басшылығы қалалық жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынаста. Жұмыс іздеген азаматтарға онда бос орын жеткілікті дейді қорды ұйымдастырушылар.

«Жұмыспен қамту орталығына барып өтініш беріп кеттік. Біздің орталыққа жұмысшылар керек болды, тігіншілер керек болды, әлеуметтік қызметкерлер керек болды. Сондықтан да өтініш бердік. Біздің ауданымызда қаншама отбасылар бар жұмыссыз жүрген», – деді «Алатау аналары» қорының басшысы Марта Жаңабаева.

36 жастағы Гүзия Өмірбекова да жергілікті тұрғындардан қор жайында естіп, жұмыспен қамту орталығына екі қолға бір күрек сұрап барған. Енді көпбалалы ана бір айдан бері әлеуметтік қызметкер маманы болып еңбек етіп жатыр екен.

«Жұмысқа келгеніме бір ай болды. Әлеуметтік жұмыспен қамту орталығына бардым. Маған үйде отырған адам едім, жұмыс тауып беріңіздерші дедім. Содан мені осы жерге жіберді. Осы жерге жұмысқа кіргеніме 1 ай болды. Өте қуаныштымын. Сондай жақсы көмек көрсетіліп жатыр», – деді әлеуметтік қызметкер Гүлзия Өмірбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир