Жоба негізінен қаланың шеткі аудандарын дамытуға бағытталған
2021 жылы «Жаңа Алматы» кешенді жобасын жүзеге асыруға 211 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat live бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл қаражат білім, денсаулық сақтау және спорт салаларына көліктік инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстарына, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталмақ. Айта кету керек, «Жаңа Алматы» жобасы негізінен қаланың шеткі аудандарын дамытуға бағытталған.
«5 жылдың ішінде біз 934 миллиард қаржы жұмсаймыз. Келесі жылы 211, арғы жылы сол 200-дің үстінде. Ал төртінші, бесінші жылдары кішкене түседі ол. Оған дейін негізгі жұмыстың барлығы жасалынып бітетін болады», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.