Шетсіз қала: Алматының ең жас ауданы қалай өзгеруде

@almaty_akimat
@almaty_akimat
Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың қатысуымен баспасөз туры және баспасөз конференциясы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 қазанда Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Алатау ауданында аудан әкімі Азамат Қалдыбековтың қатысуымен баспасөз туры және баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында теңдестірілген аумақтық даму туралы атап өтті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алматыны дамыту стратегиясы аясында «Шетсіз қала» қағидасына ерекше көңіл бөлетіні белгілі, оның мақсаты – жатын аудандарды дамыту, мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз ету.

Алатау ауданында бұрыннан тұрғындар тарапынан бірнеше рет көтеріліп келе жатқан жобалар жүзеге асырылып, мәселелер шешілуде.

Баспасөз туры барысында қатысушылар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ашылған Алатау ауданы әкімі аппаратының ғимаратындағы «Ашық әкімдік» фронт-офисіне барды. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету.

«Мұнда 4 бөлім бар-абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және әлеуметтік сала. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің құзыретіне кірмейтін мәселелер де бар. Бұл жер қатынастары, сәулет және басқа қалалық басқармаларға қатысты мәселелер. Осыған байланысты біз осы мамандардың жұмысын ұйымдастырудамыз, олар аптасына екі рет қала тұрғындарын қабылдайды. Аудандық кеңсе де осында орналасқан, сұрақтарды жинап, тиісті басқармаға жібереді», – деп атап өтті аудан әкімі А. Қалдыбеков.

Одан әрі баспасөз турына қатысушыларға «Алатау аналары» қорының үлгісінде халықтың әлеуметтік-сезімтал топтарына көмек көрсететін қоғамдық қорлардың қызметі таныстырылды. Қорда тігінші, визажист, шаштараз, кірпікті ұзарту маманы болып 12 ана жұмыс істейді. Қор сонымен қатар әйелдер мен балаларды тігін ісіне, косметологияға, биге, музыкалық аспаптарға үйретуге мүмкіндік береді. Барлығы 2500-ден астам адам оқытылды.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ақбұлақ шағын ауданындағы скверді ағымдағы жөндеу жобасы таныстырылды. Саябақта балалар мен спорт алаңдары, жекпе-жек алаңдары бар. Орындықтар, урналар, көшені жарықтандыратын 17 тірек орнатылды. 1280 ш. м төсем төселді. Аудан әкімі атап өткендей, бұл саябақты құру мәселесі Алматы қаласы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде көтерілген болатын.

«Осы саябақта балаларға арналған жаңа балалар және ойын алаңдары орнатылды. Демеушілердің күшімен спортпен айналысу үшін спорттық манеж салдық. Бүгінгі таңда жаттығуға спорттың 6 түрі қолжетімді: таэквондо, каратэ, бокс, күрес және кудо», – деп атап өтті аудан әкімі.

Биыл 17 қыркүйекте Алатау ауданында «Шыңға өрлеу» бағдарламасы аясында «Домбыра орталығы» әлеуметтік нысаны ашылды. Демеушілердің көмегімен орталыққа құрал-саймандар сатып алынды. Ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, іргелес аумақ абаттандырылды. Орталықта домбыра ойнау дағдыларын 100 бала меңгереді.

Баспасөз турына қатысушылар Шаңырақ-2 шағынауданында орналасқан артезиан бұлағына да барды. Бұл аумақта жабық күркелер, балалар және спорт алаңдары, орындықтар, урналар бар. Жарықтандырылды.

Сондай-ақ, Ұлжан шағын ауданындағы спорт аймағы таныстырылды. Онда жақында футбол алаңының ашылуы өтті. Аумақта жаттығу құрылғылары орнатылған workout аймағы бар. Аталған нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынды.

Содан кейін баспасөз турына қатысушылар Шапағат шағын ауданына келді. Онда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында саябақтың ағымдағы жөндеуімен танысты. Оның аумағы 13 000 ш. м құрайды, ол жерде балалар алаңы және спорт алаңдары, футбол алаңы бар. Көшені жарықтандыру тіректері, орындықтар мен урналар орнатылды.

Баспасөз турының қорытындысы бойынша қатысушыларға «Сосновый бор» саябағын ағымдағы жөндеу бойынша жоба таныстырылды. Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында да жүзеге асырылды. Алаңы 3 га сквердің аумағында балалар, баскетбол, workout алаңдары орналасқан. Суару жүйесі бар. 4000 ш. м көгалдар, 1000 ш. м төсемдер төселген. Көшеге жарықтандыру және орындықтар мен урналар орнатылды.

Сонымен қатар, баспасөз турына қатысушылар жол құрылысының барысымен танысты. Мысалы, Алатау ауданының 13 шағын ауданында ұзындығы 108,2 км болатын жаңа жолдардың құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бүгінгі таңда 4 шағын ауданда жұмыс аяқталды. 8 шағын ауданда жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 3-інде жұмыстар аяқталды.

Новости партнеров