Мемлекеттік компаниялар интернеттегі сайттарының доменін қазақшалауы керек. Ұлттық сенім кеңесінде мемлекеттік тіл тақырыбы да көтерілді. Алматылық белсенділер қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту бойынша бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тіл жанашырлары квазимемлекеттік компаниялардың ресми сайттарындағы қазақша парақшалары көңіл көншітпейтінін жеткізді.
«Интернеттегі қазақ тіліне көңіл бөлуіміз керек. Себебі бұл өте маңызды. Тілдің қолдану аясын кеңейтуге өзінің септігін тигізеді. Екіншісі – бұл біздің тарихи мұраларымыздың жағдайы. Таңбалыдағы тастардың хәлі, қаншама вандализмнің құрбаны болып қорғалмай жатқан мұраларымыздың біркелкі базасын жасақтау», – деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асхат Садырбай.
«Маған, әсіресе, Максим Споткайдың сөздері өте маңызды болды. Соның ішіндегі қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керек деген Президенттің сөзін келтіріп, енді мемлекет басшысы мемлекеттік тіл туралы арнайы жоба қабылдауы керек», – деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қазыбек Иса.