Алматының шеткі шағын аудандарында жолдарды салу мен жөндеу ерекше бақылауда

inform.kz
inform.kz
2021 жылы Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарындағы 8 шағын ауданында жаңа жолдар салу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, осы жылы 100 шақырымнан асатын жаңа жолдарды салудың жоспарланғанын еске түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілісі, көптеген жылдар бойы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымсыз қалған Алматы облысының елді мекендердің қосылуына байланысты қала аумағы бірнеше рет ұлғайды. Жолдарды, сумен жабдықтау және судан бұру желілерін, балабақшаларды, мектептер мен емханаларды салуға барлық күш жұмылдырылды деп атап өтті Б. Сағынтаев. Бұл мәселе Алматы әкімінің тұрақты бақылауында.

2021 жылы Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарындағы 8 шағын ауданында жаңа жолдар салу жоспарланып отыр. Бұлар – Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Нұршашқан, Құрамыс, Әлмерек, Қайрат, Алғабас шағын аудандары. Осы шағын аудандардағы 415 көшеде ұзындығы 108 км жаңа жолдар салынатын болады.

Сонымен бірге, Думан шағын ауданындағы ұзындығы 30,5 км болатын 53 көшеде жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде ұзындығы 5,6 км болатын 11 көшеде жұмыс аяқталды. Қалған 42 көшені аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін жоспарланған.

Бұдан өзге, ұзындығы 227,5 км болатын 225 көшеде жол жабынын жөндеу жоспарлануда. Қазіргі кезде 66 көшеде жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде 12 магистральды және 54 жергілікті маңызы бар көшелерде.

Новости партнеров