Алматыда үш ауысымды мектептің орнына 2021 жылы 1500 орындық жаңа ғимарат салынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алатау ауданындағы № 196 жалпы білім беретін мектепте болды. Бұл білім беру ұйымдарыны жұмысын штаттық режимде қайта бастаған кезде оқушылардың үш ауысыммен оқытуын жоққа шығармайтын мегаполистегі жалғыз мектеп.
Сапар барысында Е. Бабақұмаров «Рахат» шағын аудандағы қазір жұмыс істеп тұрған № 196 мекеменің орнына 1500 орындық жаңа мектеп салу үшін дайындық жұмыстарының барысын тексерді.
Бүгінде құрылыс жұмыстары басталды, ол 2021 жылы аяқталады. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, бұл жаңа жұмыс орындарын құруды білдіреді.
Бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және белсенді көші-қон процестеріне байланысты орын тапшылығы орта білім беру саласында, оның ішінде шет аймақтардағы бұрын құрылыс жұмыстары жүргізілмеген білім беру нысандарында да сақталып отырғанын атап өткен жөн. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының Алатау және басқа аудандар тұрғындарымен кездесулері барысында айтылған тілектерін ескере отырып, 2025 жылға дейін білім беру нысандарын үдемелі салу бағдарламасы арнайы әзірленді.
Пандемияға қарамастан биыл 2 мектеп салынды, 2021 жылы 8 мектеп және 17 жапсарлас құрылыс салынатын болады. Бұл ретте, 8 мектептің 3-еуі (әрқайсысы 1500 орындық) Алатау ауданының Дархан және Томирис жаңа шағын аудандарында және Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында салынуда.
Жалпы, қабылданып жатқан шаралар қосымша 23 мың оқушы орнын құруға және 2021 жылы оқушы орындарының тапшылығын 73%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
«Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша – қаланың барлық аумағында, мейлі ол орталық болсын, шеті болсын, сапалы әрі қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету. Бұл әкімнің шет аймақтарын дамыту жөніндегі "Жаңа Алматы" кешенді бағдарламасының басты басымдықтарының бірі», — деді Е. Бабақұмаров. Бұл мәселе ерекше бақылауда.
Өз кезегінде №196 жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлнар Қабдуллина балалар мен ата-аналар жаңа мектептің ашылуын асыға күтетінін атап өтті.
«Мектеп 1500 орынға жоспарланған. Біздің мектептің 617 оқушысы және басқа шағын учаскелерден келген балалар – барлығы осы жаңа мектепке барады. Барлығы асыға күтуде», — деді ол.